Грузияның экономикалық даму министрі жұмыстан шығарылды

Грузия премьер-министрі Ника Гилаури елдің экономикалық даму министрі Лаша Жванияны қызметінен босатты. Телебрифингте сөйлеген сөзінде Гилаури экономикалық даму министрінің жұмысына көңілі толмағандықтан да оны қызметінен босатқандығын мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, бұрынғы министр шетел инвестициясын тарту ісін алып жүре алмаған және өзге де министрлермен үйлесімді жұмыс істемеген. Алайда Лаша Жвания бұл айыптармен келіспейді. Ол өзінің қызметінен кетуін премьер-министрмен арада болған келіспеушіліктермен байланыстырады.