Пәкістандағы Талибанның қолбасшысы тағайындалды

Пәкістандағы Талибан қозғалысы өзінің қолбасшысы Байтулла Мехсудтың мұрагерін тағайындағанын хабарлады. Мехсуд осыдан үш апта бұрын АҚШ-тың әуе шабуылынан қаза тапқан болуы мүмкін делінеді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жексенбі күні Талибан ресмилері Пәкістанның солтүстік-батысындағы журналистермен телефон арқылы байланысып, басшылық кеңесі яғни шура жаңа қолбасшылыққа Хакимулла Мехсудты таңдады деген. Ол осы уақытқа дейін Оракзай, Хайбер және Куррам тайпалық аймақтарындағы жауынгерлерді басқарып келген.