Қаржы министрлігі мемлекеттік құнды қағаздар шығармақ

Қазақстанның қаржы министрлігі 15 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік құнды қағаздар шығаруды жоспарлауда. Бұл жоспарланған көлем өте көп емес, — деп хабарлады ведомство басшысы Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, ҚР резиденттеріне, жеке тұлғаларға арналған құнды қағаздардың алғашқы екі траншының қорытындысы бойынша министрлік «азаматтардың қызығушылығын бағалап, сол арқылы шығарылымның соңғы көлемін анықтамақ».