47 жыл сенатор болған Кеннеди қайтыс болды

Американың демократ-сенаторы Эдвард Кеннеди 77 жасында мидың қатерлі ісігінен қайтыс болды.
Кеннеди - Демократиялық партияның шешуі әрі беделді тұлғасы болатын және Американың ең ұзақ сенатор болған саясаткері еді. Ол алғаш рет ағасы әрі президент Джон Кеннеди өлтірілген 47 жыл бұрын - 1963 жылы сенатор болып сайланды. 1980 жылы президент сайлауына түсіп, сол кездегі президент Джимми Картерге жеңіліп қалды. Эвард Кеннеди – денсаулық, білім, азаматтық құқық сынды әлеуметтік салаға қатысты АҚШ-тың барлық заңында өз қолтаңбасын қалдырды.
Ол президент Барак Обаманы белсенді қолдады. Сәрсенбі күні Обама Эдвард Кеннедидің қайтыс болуына байланысты АҚШ «ұлы лидерінен айрылды» деп көңіл білдірді.