Сауд Арабиясы ханзадаларының біріне шабуыл жасалды

Сауд Арабиясы мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, корольдіктің ханзадаларының біріне шабуыл жасалған.

Ханзада бин Найефті өлтіруге ұмтылған іздеудегі бұзақы өзін-өзі жарып жіберген. Қастандықтың салдарынан Сауд Арабиясы ІІМ-нің қауіпсіздік мәселелеріне жауап беретін ханзада жеңіл жарақат алған.

Жергілікті агенттіктердің мәліметінше, ханзаданы Рамазан айымен құттықтағысы келген шабуылшыны қауіпсіздік қызметінің өкілдері тінтіп кіргізген, алайда ол жарылғыш затты мақсатына пайдалана алған.