Гонгадзе ісіне қатысты таспаны зерттеу аяқталады

Украина ресмилері тәуелсіз журналистің өліміне бұрынғы президенттің қатысы бар делінетін аудио таспаны қарауды аяқтайтындығын мәлімдеді деп хабарлады Азаттықтың Украина қызметі. Бас прокуратураның өкілі Микола Холомча журналистерге Мельниченко есімді кісінің таспасын тексеру қазан айында аяқталатындығын айтты.

Бұрынғы президенттің күзетшісі Микола Мельниченко өзінің бұрынғы басшысының кеңседегі әңгімелерін басып алған делінеді. Бұл таспада даусы Украинаның экс-президенті Леонид Кучманың даусына қатты ұқсайтын кісі өзінің көмекшілеріне тәуелсіз журналист Георгий Гонгадзенің ісімен айналысуға тапсырма берген.

Журналист Гонгадзенің өлі денесі 2000 жылы Киевке жақын жердегі орманнан табылған болатын.

Өткен аптада Украина президенті Виктор Ющенко журналистерге берген сұхбатында Гонгадзенің өлімін зерттеу және оның нәтижелері қаңтар айына белгіленген президент сайлауларына әсер ететіндігін мәлімдеді.