Иран тәжік студенттерін депортациялады

Иран виза ережелерін бұзған 20 тәжік студентін ел аумағынан шығарды деп хабарлады Азаттықтың тәжік қызметі.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Давлат Назриевтің айтуынша, депортацияланғандардың 17-і өз еліне оралған, қалған үшеуі жолда келеді.

Сонымен қатар, министрлік өкілі студенттерді елден шығарудың саяси астары жоқ екендігін айтып отыр. Теһрандағы тәжік елшілігі бұл ақпаратты растады, сондай-ақ қазіргі таңда Иранда 400-ге жуық тәжік студенті оқитындығын хабарлады.

Елден шығарылғандардың көбі Ирандағы діни мектептерде оқыған.