Пәкістандағы шабуылдан министр жараланды

Пәкістаннан келіп түскен хабарларға қарағанда, бүгін орын алған атыстан елдің діни мәселелері бойынша министрі жарақат алып, оның жүргізушісі қаза болды.

Хамид Саид Казмиге шабуыл Исламабадтағы оның кеңсесі жанында жасалды. Казми елдегі бірқатар шабуылдарға байланысты исламшыл бүлікшілерді сынаған болатын.