Хамид Қарзай алда келеді

Сәрсенбі күні Ауғанстанның сайлау ресмилері 20 тамыздағы сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша президент Хамит Карзай алда келе жатқандығын хабарлады.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының соңғы таратқан мәліметіне қарағанда, Қарзай 47.3 пайыз, ал оның басты қарсыласы – бұрынғы қорғаныс министрі Абдулла Абдулла 32.6 пайыз дауыс жинаған. Бұл барлық дауыстың 60 пайыздан көбін есептегенде шыққан қорытынды.

Президенттіктен үміткер сайлауда толық жеңіске жетуі үшін 50 пайыз дауыс жинауы тиіс.