Мәскеуде оппозиция белсенділері тұтқындалды

Мәскеу полициясы 20-ға жуық оппозиция белсендісін тұтқындады. Қамауға алынғандар бейсенбі күні Мәскеу әкімшілігіне қаланы дамыту жоспарына қарсы қоғамның арызын тапсырмақшы болған еді.

«Левый фронт» оппозициялық қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцовтың айтуынша, бірқатар оппозициялық топтардың 100-ге жуық белсендісі Мәскеу әкімшілігі алдында жиналған. Бұл наразылық шарасы емес еді деді Удальцов Азаттық радиосының орыс қызметіне берген сұхбатында.