Украина президенті Польшаға бармақ

Бүгін Украинаның президенті Виктор Ющенко Польшаға ресми сапарын бастамақ. Екі күндік сапар аясында ол Польша президенті Лех Качинскимен және осы елдің үкімет басшысы Дональд Тускпен келіссөздер жүргізбек.

Екі ел басшыларының кездесуінде 2010 жылы Украина мен Польшада өтуі тиіс футболдан Еуропа чемпионатының финалдық турниріне дайындық және екі жақты ынтымақтастық мәселелері сөз болмақ.

Сондай-ақ Украина президенті Польша парламенті қос палатасының өкідерімен кездесіп, Варшавадағы Белгісіз солдаттың қабіріне гүл қояды. Бұған қоса ол Польша астанасындағы православ зиратында 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш белгінің ашылуына қатыспақ.