Мұхтар Жәкішевке екі айдан кейін берілген қорғаушы енді онымен кездесуге жіберілмей отыр

Бүгін «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті, тұтқындағы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева мен қорғаушы Нұрлан Бисекеев және «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменовалар баспасөз мәслихатын өткізбек.

Алдын-ала хабарланғандай, олар Мұхтар Жәкішевке тамыздың 4-інде қорғаушы етіп жіберілген Нұрлан Бисекеевті ҰҚК-нің Жәкішевке жібермей қойғаны турасында мәлімет бермек.

Бұдан бұрын Ұлттық Қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров: «ҰҚК Жәкішевтер отбасы ұсынған адвокаттардың ішінен құпия материалдарға рұқсаты бар Нұрлан Бисекеевті таңдап алды. Ол өз кезегінде өзінің қорғалушысымен кездесіп, қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті», — деген еді.