Ақтау қаласында төрт мемлекеттің басшысы бас қоспақ

Қазақстанның Ақтау қаласында 11-13 қыркүйек күндері Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мен Түркіменстан мемлекеті басшыларының бейресми саммиті өтеді.

Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, саммитке жиналған тараптар постсоветтік кеңістіктің ТМД шеңберіндегі интеграциялық бірігуінің ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.

Бұған қоса төрт мемлекеттің басшылары аймақтағы энергетика мен транспорт саласының өзекті мәселелерін де ортаға салмақ.