Кабул әуежайындағы шабуылдан 2 адам мерт болды

Кабул әуежайында орын алған жанкештілік жарылыстан кемінде 2 адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды.

Ауған ресмилерінің айтуынша, құрбандар қарапайым азаматтар болған. Полицияның мәліметінше, бір жанкешті кісі халықаралық күштердің базасы орналасқан әуежайдың алдында өзін-өзі жарып жіберген.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.