Лавров: АҚШ-Ресей қатынастары жақсаруда

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастар жақсарып келеді. Екі ел арасындағы бұрынғы сенімсіздік жойылуда деді Лавров.

«Российская газета» басылымында жарияланған мақалаға сәйкес, Лавров сондай-ақ Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімді тезірек жаңартуды қалайтынын айтқан. Шілде айында Мәскеуде Президент Барак Обама мен оның ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев 1991 жылы жасалған әлгі келісімді жаңартуға келіскен болатын.