Венесуэла президенті Ресейге барады

Венесуэла президенті Уго Чавес бүгін Ресейге барады. Мәскеуге сапары барысында Чавес Ресей президенті Дмитрий Медведевпен және премьер-министр Владимир Путинмен кездеспек. 

Сейсенбі күні оны Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенко қарсы алып, Венесуэланың Беларусқа көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді.