Түркияда табиғи апаттан 30 адам құрбан болды

Түркия билік орындарының айтуынша, елдегі су тасқынынан кемінде 30 адам құрбан болған. Олардың кемінде 20-сы Стамбулда қаза болған. Қаланың кей жерлері су астында қалып отыр. 

Табиғи апаттың салдарынан бірнеше адам табылмай жатыр. Хабарларға қарағанда, үйлер мен инфрақұрылымға зақым келген.