Ресейлік ЯК-40 ұшағы Ақтөбе әуежайына апатты жағдайда қонды

Ресейлік «Бугульминские авиалинии» ААҚ-ның ЯК-40 ұшағы Ақтөбе әуежайының ұшу-қону алаңына апатты жағдайда қонды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылардың мәліметінше, «Қазан-Ақтөбе» бағытындағы №9401 рейсті лайнердің (борт номері RA-87447) апаттық жағдайда қонуына шассидің істен шығуы себеп болған.

Сәрсенбі күні 19 сағат 9 минутта Ақтөбенің халықаралық әуежайына қонған ұшақтың бортында 8 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі болған, олардан ешкім зардап шекпеген.