Қазақ боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақ боксшысы Серік Сәпиев жартылай финалға шықты.

Кеше ол қырғыз боксшысы Асандулло Боймуродовпен қолғап түйістіріп, бірінші раундтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда қырғыз боксшысына ауыр соққымен нокдаун берді. Осыдан кейін қырғыз бапкеріне спортшысын жарыс жолынан шығарып алуға тура келді.

С.Сәпиевтің келесі қарсыласы ирландық боксшы Вильям Мкглоуханды 16:7 есебімен жеңген ресейлік Андрей Замковой. Енді бұл екі боксшының шаршы алаңдағы өнерін жанкүйерлер ертең тамашаламақ.