Ресей билігін сынаған журналист соққыға жығылды

Сібірдегі су электр станциясының апатына қатысты билікті сынаған Ресей журналисі белгісіз адамдар тарапынан соққыға жығылғандығын айтып отыр.

Бұдан бұрын Михаил Афанасьев тамыздың 17-де орын алған апатқа байланысты жалған ақпарат берді деп айыпталған болатын. Хакасия аймағындағы Саян-Шушенск су электр станциясында болған апаттан кемінде 74 адам қаза тапты. Сәрсенбі күні Афанасьев билік орындары бұл апат жөніндегі ақиқатты жасыруда деп мәлімдеді.