Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен аймақаралық форум өтеді

Жұма күні Орынбор қаласында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы VI аймақаралық ынтымақтастық форумы басталады.

Форум жұмысы шеңберінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жағдайлары, сонымен қатар шекара маңы және көлік пен отын-энергетикалық кешен саласындағы өзара байланыс мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Форумға Қазақстан облыстары мен Ресей орталық мемлекеттік органдарының және аймақтарының басшылары қатысады деп күтілуде.