Талдықорғанда өрттен ондаған адам қаза болды

Талдықорғанда облыстық наркологиялық диспансерде орын алған өрттен кемінде 38 адам қаза болды. Өрт жексенбі күні таңертең басталды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аурухананың ішінде 73 адам болған, олардың 68-і науқастар, қалғандары медициналық қызметкерлер. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, өрт кемінде 38 адамның өмірін қиған, 40 адам құтқарылған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлап отыр.