Президент Павлодар облысына барады

Бүгін Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барады.

Сапар барысында президент Екібастұздағы «Солтүстік-Оңтүстік» энергетикалық көпірінің екінші желісін іске қосуға дайындалып отырған «КЕГОК» диспетчерлік қызметінде болады, қала орталығындағы ойын-сауық орталығын аралап, «Қайнар» білім беру кешенінің жұмысымен танысады.

Ал түстен кейін Павлодар ауданындағы жаңа емханада және облыс орталығындағы эфир және полипропилен шығару зауытына барады деп күтілуде.