Берлускони: Шетел күштері Ауғанстаннан шығарылуы тиіс

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони халықаралық күштер таяу арада Ауғанстаннан шығарылса жақсы болады деп мәлімдеді. 

Бейсенбі күні Кабулда орын алған жарылыстан италияндық сарбаздардың алтауын қаза тауып, төртеуі жарақат алған болатын. Сондай-ақ бұл шабуылдан 10 қарапайым ауған азаматы құрбан болды. 

Берлускони шетел күштерін Ауғанстаннан шығару мәселесіне қатысты кез келген шешім одақтас елдермен бірге жасалады деп атап көрсетті.

Ауғанстанда зорлық-зомбылық әрекеттері осы жылы рекордтық деңгейге жетіп отыр.