Обама Нетаньяху және Аббаспен кездеседі

Ақ үйден хабарланғандай, АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Палестина президенті Махмуд Аббаспен үш күндік кездесу өткізеді.

Сейсенбіде басталатын кездесу БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Бас Ассамблеясының жиыны аясында өтпекші. Ақ үйдің хабарламасында, президент Обама Израиль-Палестина жетекшілерімен жеке-жеке кездеседі делінген.

Кездесу Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді қайта бастауға негізделеді.