Ресей франциялық соғыс кемелерін сатып алмақшы

Ресей НАТО-ға мүше Франциямен тікұшағы бар соғыс кемелерін сатып алу жөнінде келіссөздерін бастады.

Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Владимир Поповкин "Эхо Москвы" радиосына айтқанында, келіссөздер жүріп жатыр деген.

Ресей Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері әскери техника өндіріп, оны экспортқа шығарып келгендіктен, бұл келісім бұрын-соңды болмаған оқиға деп айтылып отыр.