Ауған президенті Ораза айт мерекесінде бейбітшілікке шақырды

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай жексенбі күні басталған Ораза айт мейрамында талибан жауынгерлеріне бітімге келу ұсынысын жасады.

Ол барлық талибандарды қақтығысты, соғысты тоқтатуға, өз жері мен өз адамдарын өлтірмеуге шақырды. Олар үйлеріне оралып, бейбіт өмір сүру керек деді ол.

Және Қарзай егер өзінің президенттік сайлаудағы жеңісі нақтыланса, талибандармен бейбіт келіссөздерге баратынын айтты.