Сомалидегі қақтығыстан 17 адам опат болды

Сомалидің батысында исламшыл бүлікшілер мен үкімет күштері арасында орын алған қақтығыстан кемінде 17 адам қаза тапты.
Жексенбі күні кешке Әл-Қаидамен байланысы бар Әл-Шабаб тобының жауынгерлері Эфиопиямен шекаралас Иет қаласындағы үкімет күштеріне шабуылдаған болатын.

Бейсенбі күні Могадишу әуежайында екі жанкештілік жарылыс орын алып, кемінде 21 адам, олардың ішінде Африка Одағының 17 бітімгершілік күші қаза тапқан болатын. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Әл-Шабаб тобы өз мойнына алды.