Вице-министр: Қазақстанда АЭС салынады

Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов 2020 жылы Қазақстанда бір АЭС салу жобасы бар екендігін мәлімдеді деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда 2010-2020 жылдары саланы дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарлама дайындалып жатыр, алғашқы жоба үкіметте таныстырылған.

Сонымен қатар, Мағауов АЭС салу мәселесінде ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүріп жатқандығын атап көрсетті.