Ұлыбритания флоттың ядролық қаруын қысқартпақ

Ұлыбритания ядролық зымырандар орналастырған сүңгуір қайықтарының санын қысқартпақ ниетте.

Бұл туралы сол елдің премьер-министрі Гордон Браун бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ядролық қарулануды таратпау мәселесі қаралатын арнайы отырысында мәлімдейді деп күтілуде.

Қазіргі таңда Ұлыбританияда осындай сүңгуір қайықтардың төртеуі бар, енді үшеуі ғана қалады.