Чехиядағы көшпенділердің кездесуі

Көшпенділердің бейресми мерекесіне алғашқы қонақтар да атбасын тіреді.

Сәлден кейін сақылдап сары самаурын да қайнайды.

"Сүт қатқан қою шаймен таңдайыңызды жібітіп, той қызығын тамашалай беріңіз"

Ұлттық киім кімнің де болса келбетіне келісе кетеді.

Буы бұрқырап қызыл күрең палау да дайын болып қалды.

Мергендікке таласқан қазақ қыздары да Европада аз емес.

"Бір сәт күрең жорғаны желдіртіп сейілдеп қайтайық, балам"

Көшпенділер мерекесіне Чехиядағы Қазақстан елшілігі арнайы ақшаңқан үй тікті

Мереке қызығына мың бұралып билеген қыз.

Қазақтың ән-жырынсыз той өте ме?