Әлем - карикатурашы Хошабер Шинуаридің көзімен

Ауғанстан үкіметі мен оның одақтастары жөніндегі Хошабер Шинуаридің сатиралық суреті. Мұнда Джордж Буш пен Тони Блэр және Хамид Қарзай Ауғанстанның жасанды фасады алдында тұр. Мемлекеттің аты бұрыс жазылған.

Бұл суретте өз орнында қалуға тырысқан президент Хамид Қарзайды әлем елдерінің басшылары - Первез Мушарраф, Джордж Буш, Махмуд Ахмадинежад, Владимир Путин - өз жақтарына тартуда.

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф экстремистердің нағыз қорғаушысы ретінде көрсетілген.

Бұл карикатура Қарзай мен оның билігінің үкіметтік емес ұйымдары арқылы өтетін шетел көмегіне қатысты жемқорлыққа батқан жүйесінен жапа шегіп отырғанын көрсетуде. Шинауридің өзі бұдан бұрын Пәкістанда MADERA үкіметтік емес ұйымында сондай-ақ БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігінде және Би-Би-Си-де жұмыс істеген.

Халықаралық қауымдастықтың әрекеттері Ауғанстанға қаншалықты оң әсер етуде? Бұл сурет осы сұраққа жауап іздеп көруде.

Ауғанстандағы апиын өндірісі өлім қаупін туғызып, қатерге айналып барады.

Карикатурашы президент Барак Обаманың орындалмас міндеттерді әрең дегенде орындап жатқанын суреттеуде.

"Мен ауған халқының қиыншылықтары болашақта түгесіледі деп үміттенемін. Сол сәттің тезірек болуы үшін қолымнан келгенше, яғни қаламым мен суреттерім және махаббатым арқылы әрекет етемін", дейді Шинуари