Қатаң бақылаудағы Үрімжі қаласы

Қытай әскерилерінің қырағы бақылауындағы Үрімжі қаласында ұйғыр диаспорасы көбірек қоныстанған аудан.

Қытай әскерилері қаланы бақылауға дайындалып жатыр.

Кезекті тапсырманы орындауға бұйрық алған Қытайдың бір топ әскерилері.

Үрімжідегі ірі «Қытай коммерциялық банкі» де әскерилердің бақылауынан тыс қалған жоқ.

Халықты тынышталуға шақырған түрлі ұрандар жазылған әскерилер мінген жүк көліктері қаладағы ұйғырлар көбірек қоныстанға

Үрімжідегі қақтығысты басу үшін әскери бронды транспортер де қолданылды.

Қытай әскерлері адам көп жүретін көшені қатаң бақылайды.

Аз ғана сәтке тыныққан Үрімжі қаласындағы Нян дзью ықшам ауданын күні бойы бақылаған әскерилер.

Әскерилер Үрімжі қаласын күні-түні күзетеді. Шыңжаң өлкесіндегі коменданттық сағаттың қашан аяқталары белгісіз.