Ирақтағы жарылыстан 11 сарбаз мерт болды

Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласының жанында орын алған бомба жарылысынан Ирақтың 11 сарбазы қаза тапты.

Аты-жөнін атағысы келмеген әскери ресмилердің мәлімдеуінше, әлгі сарбаздар бомбаларды Мосулдың шығысындағы бос аймақта жарып жібермекші болған екен. Бұл оқиға туралы ресми мәлімет берілмеді.