Ауғанстанда күдікті дауыстар қайта саналмақ

Ауған ресмилері күдікті сайлау жәшіктерінің 10 пайызын қайта санайтындарын хабарлады. Бұл қадам даулы президент сайлауының қорытындыларын жариялауды тездету үшін жасалмақ дейді олар.

Ауғанстандағы сайлауға қатысты шағымдарды тексерген сайлау комиссиясы мен халықаралық панель күдікке ілінген 3063 сайлау учаскесінің 313-дегі дауыстарды қайта санауға келіскендерін айтып отыр.