Шыңжаңдағы толқуларға байланысты 21 адам айыпталды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң аймағында шілде айында орын алған толқуларға байланысты 21 адам айыпталды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оларға шілденің 5-де Үрімжідегі этникалық толқулар барысында адам өлтірді, өрт қойды, тонаушылық жасады және мүлікке зақым келтірді деген айыптар тағылды.

Ол оқиғаларда 197 адам қаза тапқан болатын.

Шыңжаң аймағында негізінен ұйғыр мұсылмандары тұрады.