Кедендік одақ құру туралы келісім Минскдегі кездесуде қабылданады

Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одақты құру процесін аяқтауға жақын деп хабарлады Қазақстанның вице-премьері Өмірзақ Шүкеев.

Дүйсенбі күні үкіметтің селекторлық жиналысында сөйлеген Шүкеев қазанның ортасына таман Мәскеуде Кедендік одақ комитетінің соңғы отырысы өтетіндігін, одан кейін Минскдегі мемлекет басшыларының кездесуінде Кедендік одақты 2010 жылы 1 қаңтарда іске қосу туралы түпкілікті шешім қабылданатындығын атап көрсетті.

Беларусь астанасындағы жоғарғы деңгейдегі кездесуді қараша айының аяғында өткізу жоспарланған.