Филиппинде су тасқынынан қаза болғандардың саны 240-қа жетті

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ел астанасы Манила мен оның маңайында екі миллионға жуық тұрғынның үйлері бұзылған, апат аймағындағы 380 мың адам басқа орынға көшірілген.

Кетсана тропикалық дауылдың салдарынан 12 сағаттың ішінде Манилада бір айлық мөлшердегі жауын-шашын болды. Бұл Филиппиндегі соңғы 40 жылдың ішіндегі ең үлкен су тасқыны екен.