Самао аралдарында цунамиден 40-қа жуық адам қаза болды

Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде су асты жер сілкінісінен туындаған цунамидің салдарынан Самоа аралдарында 40-қа жуық адам қаза болды. Хабарларға қарағанда, бірнеше ауылды алып толқындар шайып кеткен.

Магнитудасы сегіз баллдық жер сілкінісінің ошағы Американдық Самоадан оңтүстік-батысқа қарай 190 шақырым жерде тіркелді. Енді цунами Жаңа Зеландияға қауіп төндіріп тұр. Жапонияның метеорологиялық агенттігі де цунами қауіпі туралы хабарлады.