Израиль мен Хамас тұтқындарға байланысты қадам жасауға келісті

Израиль Газа секторында тұтқындалған еврей сарбазының тірі екеніне дәлел болса 20 палестиналық тұтқынды босатуға келісті. Премьер-министр Беньямин Нетаняхудың кеңсесінің хабарлауынша, Израиль үкіметі Гилат Шалиттің бейнетаспасын алмақшы.

Мысыр делдалдық жасаған бұл келісім жұма күні жүзеге аспақ. Шалитті осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын Хамасқа қатысы бар бүлікшілер қамауға алған болатын.