Индонезияда жер сілкінді

Индонезияның батысында күшті жер сілкінісі орын алды. Рихтер көрсеткіші бойынша 7.6 балдық зілзаланың эпицентрі Суматра аралы жанында болды. Жер асты дүмпуі ел астанасы Джакартада да сезілді.

Индонезия, Малайзия, Үндістан мен Тайландта цунами болуы мүмкін деп дабыл қағылды.

Оның алдында Самоа мен Тонга аралдарында орын алған цунами апатынан кемінде 113 адам құрбан болды.