Индонезияда зілзаладан кемінде 13 адам құрбан болды

Индонезияның Суматра аралында орын алған күшті жер сілкінісінен кемінде 13 адам қаза тапты. Ресмилердің мәлімдеуінше, Рихтер көрсеткіші бойынша 7.6 балға жеткен зілзаладан мыңдаған адам жер астында қалып қалған болуы мүмкін.

Куәгерлердің айтуынша, 900 мың адам тұратын Паданг қаласында бірнеше ғимарат қирап, өрт басталған. Жер асты думпулері ел астанасы Джакартада да сезілген.