Индонезияда тағы да жер сілкінді

Бүгін Индонезияның батысында тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 6,8 екендігі хабарланып отыр.

Күні кеше ғана Индонезияның Суматра аралында магнитудасы 8-ге жақын жер сілкінісі тіркелген еді. Билік өкілдері соның салдарынан қаза болғандардың саны 200-ге жеткендігін хабарлады.

Аралдағы 900 мың тұрғыны бар Паданг қаласына жақын маңда тіркелген кешегі дүмпуден кем дегенде 500 ғимарат құлаған, мыңдаған адам қирандының астында қалған.