Польша Қазақстанға ет импортын қайта бастауды ұсынды

Қазақстанның ақпарат агенттіктері хабарлап жатқандай, Польша Қазақстан тарапына ет өнімдері импортын қайта жандандыруды ұсынған.

Бұл мәселе жұма күні Астанада Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссияның экономикалық ынтымақтастық мәселесі бойынша өткен жиынында Польшаның ауылшаруашылық вице-министрі Артур Лавничак тарапынан көтерілген.

Ол “Қазақстан тарапынан Польшадан ірі қара мал етін, оның ішін сиыр етін импорттауды қайта бастауды сұрағым келеді” деген.
Сонымен қатар Қазақстаннан Польшаға көксерке балығының филесін экспортқа шығару мүмкіндігі айтылды.