Қазақстанда әскери жаттығу басталды

Қазақстанның оңтүстігінде алғаш рет «Ұжымдық қауіпсіздік келісімі» ұйымының шұғыл күштерінің әскери жаттығулары өткізілу үстінде. Өткен жұма күні басталған жаттығулар 2 апта жалғасады.
Қазақстанның қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, оған Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның 7 мыңнан астам жауынгері қатысады.