Пәкістан: армия экстремистерге соққы беруде

Пәкістанның солтүстік-батысындағы соғыс операциясының барысында 27 экстремистің көзі жойылды.
Жергілікті әскер басшыларының мәліметі бойынша, жұма күні Хайбер ауданында содырлар паналаған 2 лагер жойылды.
Пәкістан армиясы Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк жеткізіп тұратын автокеруендерге тәліптердің шабуылдары жиілей түскен соң тәліптерге қарсы жорығын бастауға мәжбүр болды.