«Үлкен жетіліктің» қаржыгерлері Түркияда

Әлемнің ең дамыған 7 елінің қаржыгерлері ғаламдық дағдарыс проблемасы бойынша келіссөз өткізу үшін сенбі күні Стамбулға жиналады. Оның дәл қарсаңында Халықаралық валюта қоры ғаламдық қаржы және экономика дағдарысының теріс ықпалын келесі жылдан кейін де жақсы сезінеді деген хабар таратты. Хабарға сәйкес, Еуропаның бай елдері биылғы шамамен 4 пайыздық құлдыраудан кейін 2010 жылы 0.5 пайызға өседі. Дағдарыстан әлдеқайда ауыр жапа Оралық және Шығыс Еуропа елдерінің экономикалары биыл 6.6 пайызға құлдыраса да, келесі жылы 1.7 пайызға өседі.
Валюта қорының ескертуінше, дағдарыс экономикалық дамудың қарқынын алдағы әлі талай құрсап ұстайды. Демек, еуро валютасының аумағында жұмыссыздық 2011 жылға дейін 12 пайыз деңгейінде болады.