Иранда элиталық күштердің басшылары ауысты

Иранның рухани көсемі аятолла Али Хаменеи элиталық күштер – ислам революциясы сақшылары Корпусының басшыларын ауыстырды.

Атап айтқанда, Иран оппозициясының биыл жаздағы баскөтерулерін басуға белсенді түрде қатысқан еркін әскериленген бөлім – басидж қолбасшылары ауыстырылды.

Мұндай өзгерістерге не себеп болғандығы хабарланған жоқ.