Караджич соты қазанның 21-не шегерілді

Бұрынғы Боснияның серб жетекшісі Радован Караджичтің соғыс қылмыстары бойынша соты қазанның 21-не қалды. Халықаралық трибуналдың судьясы соттың кейінге шегерілуі әкімшілік мәселелерге қатысты деді.

Басында Караджичтің соты қазанның 19-да өтеді делінген.

Караджич 1992-1995 жылдары Боснияда адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген 11 айып бойынша сотқа тартылған.