Гуантанамо түрмесін мерзімінде жабу қиынға түседі

АҚШ-тың әділет министрі Эрик Холдер Гуантанамо түрмесін белгіленген мерзімде жабу қиынға түсетіндігін мәлімдеді. АҚШ президенті Барак Обама өзінің билік басындағы алғашқы күндерінде-ақ Кубадағы Гуантанамо базасындағы әскери түрмені 2010 жылдың 22 қаңтарына таман жабу туралы міндет қойған болатын.

Терроризмге қатысы бар деген күдіктілерді ұстауға арналған түрме 2001 жылдың аяғында – АҚШ-қа шабуыл ұйымдастырылғаннан кейін – құрылған еді. Қазір түрмеде 223 тұтқын бар. Адам құқығын қорғаушылар Гуантанамодағы тұтқындардың аса қатал әдіспен тергеуліне жол берілмеуін бірнеше мәрте көтерген болатын.